“Біз - әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз“ - Тоқаев Қазақстанның басты құндылығы туралы
Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ХХХІV сессиясында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның басты құндылықтарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болған емес, болмайды да. Барша азаматтарға бірдей мүмкіндік берілген. Бұл – нағыз әділдік, әділетті мемлекеттің ажырамас бөлігі. Тағы да айтарым: елдің бірлігі мен татулығы ең негізгі құндылықтарымыздың қатарында тұр. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты тұғыры.