Қазақстанда кене шағу жағдайы күрт көбейген
Шығыс Қазақстан облысында кене шаққаннан кейін ауруханаға жүгінгендер саны күрт өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті дәрігерлер көктемнің басынан бері осы қауіпті жәндіктердің бұрын-соңды болмаған белсенділігін тіркеген және зардап шеккендер саны өсіп бара жатыр.
Балаларға қауіп көп
24 наурыз бен 14 сәуір аралығында ШҚО облыстық Ана мен бала орталығына кене шақты деп шағымданған 65 бала жүгінген. Зардап шеккендердің жасы 3-тен 18 жасқа дейін. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше...