Әкем неміс сарбаздарын атып тастауға қарсы шыққан
Менің әкем, Баязит Хаметчин, 1943 жылы соғысқа аттанды. Ол кезде небәрі 17 жаста еді. Байланысшы мамандығы бойынша оқыды, контузия алып, Ленинградтағы госпитальде емделді, кейін алдыңғы шептегі әскермен Будапешт қаласына дейін жеткен.
Әкемде бірнеше жауынгерлік награда болды. Дунай өзенінен өткені үшін, Будапештті азат еткені үшін медальдармен марапатталған. Бірақ Берлинге дейін жете алған жоқ. Будапештте қалып, 1949 жылға дейін Мәскеу мен Берлин арасындағы сымды байланысты қамтамасыз етіп отырды.