Бүгінгі Сенат отырысында бір ғана заң қабылданады
Бүгін Сенаттың жалпы отырысы өтеді. Онда депутаттардың қарауына бұған дейін Мәжіліс қабылдаған бір ғана заң шығарылмақ.
Әдетте әр дүйсенбіде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро отырысы өткізіліп, онда бейсенбіде өтетін палатаның отырысында сенаторлар қарауына шығарылатын заң жобалары бекітілетін. Осы аптаның басында палата төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің шақыруымен аталған елге сапармен барған еді.