Көктем болмайды ма? Астана мен Алматыда аяз және жауын-шашын күтіледі
Астаналықтар мен алматылықтарды тағы да құбылмалы көктемгі ауа райы күтеді. 17-19 сәуірге арналған болжам жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы
17 сәуірде ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 24 м/с дейін. Түнде температура +3…+5, күндіз +8…+10 градус.
18 сәуірде күндіз қайтадан жаңбыр мен қар жауып, құбылмалы бұлтты болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады...