Валюта нарығы: Ұлттық банк наурыз айының қорытындысын жариялады
Наурыз айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 504,27 теңгеге дейін 1%-ға әлсіреді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 237 млн АҚШ долларынан 243 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,1 млрд АҚШ долларын құрады.
Наурыз айында Ұлттық қордан 748 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл өз кезегінде республикалық бюджетке трансферттер бөлуге, сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал»...