Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталды: келтірілген шығын көлемі өсті
ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайрат ісіне қатысты жаңа мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол күдіктіге қатысты қылмыстық істің аяқталғанын және қазіргі уақытта процестің қатысушылары қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде екенін растады.
"Қосымша айта кетейін, тергеу барысында әртүрлі залал сомасы айтылғанын білесіздер. Қазіргі уақытта 3,5 миллиард теңге мөлшеріндегі залал сомасына тоқтадық. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру деректері туралы бұған дейін де айтқанмын.