Биыл 1 қыркүйекте Алматыда қанша мектеп ашылады
Қазіргі таңда Алматы қаласыда 20 «жайлы мектептің» құрылысы жүріп жатыр.
Kazinform сауалына жауап берген қалалық Білім басқармасының деректеріне сәйкес, биыл қыркүйектің алғашқы күні мегаполисте 15 мектеп ашылады. Бұл білім ордаларының екеуі Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша, ал қалғаны «Жайлы мектеп» жобасы аясында ашылады.
— Жаңа мектептер салынып болған соң, оқушы орындарының саны бойынша мамандар бекітіледі. Мұғалім және өзге қызметкерлер саны алдағы тамыз айларында анықталады.