Семейде оқушы соққыға жығылған оқиға: сот жасөспірімдердің ата-анасын жазалады
Абай облысының соты Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот жасөспірімдердің ата-аналарын балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ҚР ӘҚБтК) 127-бабына сәйкес тиісті әкімшілік жаза тағайындады.
Сот қаулысымен бір ата-ана 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қалған жасөспірімдердің ата-аналарына 78 640 теңгеден айыппұл салынды.