1 cәуір - Күлкі күні тарихы қандай?
1 сәуір - Күлкі күні. Tengrinews.kz тілшісі бұл күнді тойлау қайдан, қашан басталғанын және осы атаулы күнге байланысты қандай қызық деректер барын жинап көрді.
Әлем елдерінде 1 сәуір - Күлкі күні ретінде атап өтілетіні белгілі. Кейбір мемлекеттерде ол "Ақымақтар күні", яғни April Fools' Day күні деген атауға ие. Бұл ресми мереке болмаса да, әрқашан көңілді өтеді. Жақын адамдар арасында әзілдеп, кейде қызық сыйлықтар беру бұл күннің басты ерекшелігі саналады. 1 сәуірде адамдарда түрлі эмоция байқалады...