Қазақстан мен Словения президенттері қандай құжаттарға қол қойды?
Қазақстан мен Словения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы словен делегациясына құрмет көрсетіп, Қазақстанның Еуропадағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі Словениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бейіл екенін растады.
"Сіздің бұл сапарыңыз екі ел арасындағы өзара ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды.