Жалақы 890 мың теңгеге дейін. Қазақстандағы ең жоғары жалақы төленетін салалар аталды
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы жалдамалы қызметкерлердің былтырғы IV тоқсандағы жалақысы туралы ақпарат жариялады. Бұл ретте кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындар да есепке алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың IV тоқсанында ең жоғары жалақы – 890 573 теңге – сақтандыру және қаржы қызметі саласындағы қызметкерлерде болған.
Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру саласында жұмыс істейтіндер 856 521 теңге табыс тапқан. Жалпы, былтыр...