СҚО-да шенеуніктер және кәсіпкер сотталды
Солтүстік Қазақстан облысында әкімдіктің лауазымды тұлғалары және кәсіпкер парақорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот актісі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі орынбасарының және ТҮКШ бөлімі басшысының жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 000 000 теңге пара алғаны анықталды.
"Бұлтартпас дәлелдер болса да, жауапқа тартылған үш адам өз кінәларын мойындамай, жасаған істеріне өкінбеген.