Адвокат қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратов түрмеде азаптау мен қысымға ұшырап жатқанын мәлімдеді
28 наурызда ташкенттік адвокат Сергей Майоров түрмедегі қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратовтың жағдайы туралы мәлімдеме жасап, оның азаптау мен қысымға жиі ұшырайтынын жеткізді. Адвокаттың сөзінше, ол соңғы рет Тәжімұратовқа 24 наурызда кіріп шыққан.
Қарақалпақстанның егемендігі мен Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығы туралы баптарды Өзбекстан Конституциясында сақтап қалуды талап еткен наразылыққа байланысты ұзақ жылға сотталған белсенді түрмеде адвокаттың сөзінше, физикалық және психологиялық азаптауға ұшырап жатыр.