Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкина қысқы Олимпиада ойындарына алғашқы жолдаманы ұтып алды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкина Бостондағы әлем чемпионатында 14-орынды иеленді. Ол 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына алғашқы жолдаманы ұтып алды.
18 жастағы Самоделкина 181,36 ұпай жинады. Бірақ спортшы өзінің өнер көрсетуіне көңілі толмады. Goldenskate басылымына берген сұхбатында ол жаттығу залдарында көп шыныққанын, алайда мұз айдынындағы соңғы комбинациясы ойдағыдай шықпағанын жеткізді.
Бостондағы әлем чемпионатында америкалық Алиса Лю (222,97 ұпай) бірінші орынды иеленді.