Тоқаев пен Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы "Медеу" селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде айтты. Сонымен қатар, шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал бағыттар таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қала әкімінің еліміздегі ең ірі "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады.