Мьянмадағы жер сілкінісі: Тоқаев елдің премьер-министріне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адам қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.
Сонымен қатар, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Бангкокта жер сілкінісі салдарынан...