ІІМ операциясы: бір аптада 110 келіден аса есірткі тәркіленді
Кейінгі аптада Қазақстанның бірнеше қаласы мен облыстарында операциялар жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда 26 жастағы ер адам көлігімен 2,5 келі мефедрон, 50 грамм кокаин және 30 грамм "экстази" есірткісін тасымалдау кезінде ұсталды. Сондай-ақ, бір келіге жуық мефедрон мен 20 грамм кокаинды көлікпен тасымалдаған екі адам ұсталған.
Абай облысында 27 жастағы ер адам ұсталды. Ол түрме аумағына салмағы 2 келі болатын алты орам гашиш тастамақ болған.
Астанада 27 жастағы ер адам...