Мьянмадағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны күрт өсті - БАҚ
Мьянмада 28 наурызда болған жер сілкінісі 694 адамның өмірін қиды, 1670 адам зардап шекті, 68-і хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы AFP жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ал Қытайдың Орталық телеарнасы мәліметінше, Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1002-ге дейін өсті, тағы 2376 адам зардап шекті.
Кеше Мьянмадағы жер сілкінісінің көптеген афтершогы тіркелді. Ел билігі алты аймақта төтенше жағдай жариялады.
Айта кетейік, 7,7 балдық жер сілкінісі 28 наурызда жергілікті...