Таиландта зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма? СІМ жауабы
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы жер сілкінісіне байланысты қазақстандықтардан ешқандай өтініш түспегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің мәліметіне сәйкес, бұл елде жүрген отандастарымыздан жер сілкінісіне байланысты ешқандай өтініш түскен жоқ", – деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап беріп.
Айта кетейік, желіде Таиланд астанасы Бангкоктағы жер сілкінісінің видеолары тарады.