Трамп Ақ үйде мұсылман қауымына ауызашар берді
АҚШ президенті сайлауға қолдау білдірген Америкада тұратын жүз мыңдаған мұсылман өкілдеріне алғыс білдірді, деп жазды Анадолы сайты.
АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық мұсылман қауымының өкілдері мен бірнеше мұсылман елдерінің дипломаттары үшін ауызашар ұйымдастырды. Бұл Трамптың екінші президенттік мерзіміндегі алғашқы шарасы.
Мемлекет басшысы шарадағы сөзін «Рамазан айы құтты болсын» деп бастады. Америка басшысы 2024 жылы қарашада өткен президенттік сайлауда АҚШ-тағы мұсылмандардан...