Қазақстанның оңтүстігіндегі жер сілкінісі: қандай ғимараттарда жарықтар пайда болды?
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жер сілкінісі болған Меркі және Т.Рысқұлов аудандарына барып, бүлінген нысандарды аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Аудандардағы нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Меркі аудандық орталық ауруханасының, Меркі ауылдық округіндегі "Балдәурен" балабақшасының ғимараттарының және Талдыбұлақ ауылындағы тұрғын үйдің асханасының қабырғасында жарықтар анықталған.