Қазақстан футболында ақша қалай ұрланған? Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығы кезінде жасалған заңбұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубына жүргізілген прокурорлық тексеріс нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталған.
"Оның қатарында негізсіз сыйақы төлеу, инфрақұрылым нысанын салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру деректері бар"...