Біз ҚХР-мен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз — Президент
Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын атап өтті.
— Бүгінде біздің берік байланыстарымыз мәңгі достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген өзара тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісі саналады.