217 «жайлы мектепті» күтіп ұстауға жыл сайын 7 млрд теңге керек — министрлік
Қолданысқа берілген 217 «жайлы мектепті» күтіп ұстауға жыл сайын 7 млрд теңге керек. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Сенатта өтіп жатқан дөңгелек үстелде айтты.
— 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру Мемлекет басшысының тапсырмасында айтылған 1300 мектепті жаңғырту жобасын іске асыруға және қолданысқа берілген «жайлы мектептерді» күтіп ұстауға қажетті қаражат қарастыру бөлігінде әзірленіп жатыр. Аталған шығыстар бұған дейін жергілікті бюджет базасында ескерілмеген.