Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 27, 28, 29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдағы күндері ауа райына Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтитын антициклон әсер етеді. Сондықтан елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Кейбір өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Елдің батысында температура түнде 5 градус аяз-5 градус жылы, күндіз 10-18 градус жылы.
Солтүстік-батыста түнде 0-10 градус аяз, күндіз 7-15 градус жылы болады.
Солтүстікте температура түнде 0-10 градус аяз...