Ердоғанның қарсыласы қамалды, халық толқыды. Түркияда не болып жатыр?
Стамбул әкімі Экрем Имамоғлы "пара алды" деген күдікпен түрмеге қамалған соң елде президент Режеп Тайып Ердоғанға қарсы наразылық күшейді. Түркияның түпкір-түпкірінде мыңдаған адам жаппай наразылыққа шығып жатыр. Бұл – Ердоған билігіне қарсы кейінгі бес жылдағы ең ірі қарсылық.
Жексенбі, 23 наурызда Түркиядағы оппозиция – Халықтық-республикалық партиясы (ХРП) Имамоғлыны 2028 жылы өтетін президент сайлауына кандидат ретінде таңдауы керек еді. Стамбул әкімнің қамалуы осы саяси оқиғаға тұспа-тұс келді.