БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) сынықтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру шараларын жүргізіп жатыр", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
ПД өкілдерінің мәліметінше, нысан елді мекендерден алыс, шалғай аумақта табылған.