Экрем Имамоглу ресми түрде Түркия президенттігіне кандидат атанды
Жексенбі күні Түркияның оппозициялық Республикалық халық партиясының (РХП) праймеризіне 15 миллион адам қатысып, қызметінен шеттетілген және қамауға алынған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуға қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sözcü басылымына сілтеме жасап.
Имамоглу жақтастары жексенбі күнгі праймеризде дауыс беріп, оны Түркияның ең көне саяси партиясы – Республикалық халық партиясының (Cumhuriyet Halk Partisi) атынан президенттікке ресми кандидат етіп сайлады. Бұл туралы дауыс беру ұйымдастырушылары мәлімдеді.