Қарағандыда екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
Қарағандыда екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Жол апаты болған жердегі видеолар әлеуметтік желілерде тарады.
Оның бірі Майқұдықтағы Магнитогорская көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар автобусы Mercedes-пен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік қатты зақымданған.
Дәрігерлер зардап шеккен үш адамды ауруханаға жатқызды. Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ, автобус жолаушыларының бірі жарақат алған.