Тоқаев төтенше жағдайлар министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент ведомствоның атқарған қызметі, салада жүргізілген реформалар және төтенше жағдайдың алдын алу, салдарын жою жөніндегі есепті тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделдікті қамтамасыз ету үшін бірыңғай аумақтық орган құрылғаны және басқарудың артық тармақтары қысқартылғаны туралы баяндалды. Командалық басқару жаңғыртылды, ведомство жұмысына цифрлық технологиялар енгізілді.