"Екінші елбасы жасау" ма, "тектоникалық өзгеріс" пе? Тоқаевтың 6 жылына баға беру
2019 жылғы 19 наурызда сағат 19.00-де Совет одағынан бері елді 30 жылдай үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететінін мәлімдеген. Ертесінде оның орнына сол кездегі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, президент қызметіне кірісті. Алты жылда елде не өзгерді?