Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктің жұмысына баға берді.
— Ұлттық банк жұмысын мандатына сай жүргізіп отыр, бұл түсінікті. Жұмыс ағымдық режимде жүріп жатыр. Әрине, мәселелер бар. Бірінші кезекте адамдарды ұлттық валюта бағамының құбылмалылығы алаңдатады. Сарапшылар Америка долларының нығаюына байланысты теңге бағамына қысым болады деп күтіп отыр. Валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпы инфляцияны ауыздықтау – аса маңызды жұмыс. Тіпті...