Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің салық-бюджет жүйесін реформалау туралы ұсынысын мақұлдады, бірақ халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу керегін баса айтты.
− Реформаны міндетті түрде жүргізу керек, ол бойынша еш күмән жоқ. Бірақ ең алдымен қоғамға, жалпы халыққа жақсылап түсіндіру керек қой. Оның бәрін талқылап, ойлану керек. Жалпы реформа керек деп айтып жатырмын, бұл реформаны мақұлдадым. Енді оны талқылау керек, зерттеу керек. Қазір Салық кодексі жобасы Мәжілісте қаралып жатыр.