Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Астана қаласының №1 индустриялық паркіндегі электровоз құрастыру зауытын аралап көрді.
Кәсіпорынды Индустрияландыру картасы аясында Францияның Alstom компаниясы іске қосқан.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорынның жұмысы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Зауытта "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының тапсырысымен 380 жүк және 70 жолаушылар электровозы шығарылған.