Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында ағымдағы жылы 14,6 млрд. теңгені құрайтын 16 ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінге дейін 12 жоба (10,8 млрд. теңге) іске қосылып, 163 жұмыс орны ашылды.
Атап айтқанда, «Алель-Агро» АҚ-ның өндірістік инкубаторы іске қосылды. Өңірдегі 5 шаруа қожалығына су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мақсары майы өндірісінің өрісі кеңейді. Сонымен бірге «ҚазАква Альянс» ЖШС балық шаруашылығы құрылды, «Эльнур Адильгрупп» ЖШС астық қоймасы салынды.