Грузия үкіметінің Еуроодаққа қосылу туралы келіссөзді тоқтата тұру жайлы шешімі елде даулы парламент сайлауынан соң болып жатқан наразылыққа май құйғандай әсер етті. Көшеде бейбіт адамдарға полиция қатыгездік танытқаны түсіп қалған видеолар тарағаннан кейін шерушілер қатары көбейіп, наразылық ауқымы кеңейе түсті.