2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқалділовке қойылған ескерткіш-бюстің ашу рәсімі өтті. Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне оның есімі берілді.
Нұрқаділовке қойылған ескерткіш-бюсті ашу рәсіміне қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен марқұмның үй-іші қатысты деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов "Бұл ескерткіш – халқымыздың қайраткерге деген шынайы құрметінің белгісі.