Журналист Такер Карлсон приехал в Москву на интервью с Лавровым
Бастрыкин поручил доложить о нападении на москвичку после отказа познакомиться
В Забайкалье подвели итоги VIII международного конкурса социальной рекламы «Мир один для всех»
Ущерб по делу арестованного экс-замглавы Минтранса составил 240 млн рублей
Тоқаев Қытай елшісін “Достық“ орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Президент Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзара сенім мен құрметке негізделген тиімді ынтымақтастықтың нығаюына екі тарап та үлес қосып келеді.
Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан мен Қытайдың ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты.