Астана тұрғыны көпқабатты үйдің ауласында жарамсыз күйде тұрған Honda Accord көлігі жоғалып кеткен соң полицияға хабарласқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көлік иесі көлікті бір ай бұрын тастап кеткенін, кейін оның жоғалғанын анықтап, шығынды 500 мың теңгеге бағалағанын айтты.
Ұры 38 жастағы азамат болып шықты, ол көлік иесіз деп шешіп, жағдайды пайдаланып, эвакуатор шақырған. Эвакуатор жүргізушісін оның иесі екеніне сендіру үшін ол көліктің өзіне тиесілі екенін айтып...