Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті мәрте азаматтарды қабылдады. Бұл жолы аймақ басшысына мәселесін көтеріп 10 азамат келді. Олардың қатарында Тараз қаласы мен Меркі, Талас ауданының тұрғындары бар.
Қабылдауға жазылған азаматтардың басым бөлігі баспанамен қамту мәселесін көтеріп, шағымын айтты.
Сондай-ақ тұрғындар суармалы су тапшылығы, қоғамдық көлік қатынасын реттеу, балалар ойын алаңшасы мен жол салу, учаскелік полиция инспекторының жұмысын жүйелеу бойынша өтініштерін білдірді.