Биыл Тараз қаласы мен аудандарда 34 заманауи спорт алаңшасы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды. Басқосу барысында бұқаралық спортты дамыту шаралары қаралып, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы есеп берді.
Биылғы жылы өңірде бұқаралық спортты дамыту үшін бюджеттен 418,5 млн теңге қарастырылып отыр.
І жартыжылдық қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 496 мың адамға жетті.