Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің алдында Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Жыл сайын жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқан екі ел қарым-қатынасы одан әрі тереңдей түспек. Бір-біріне басты сауда-экономикалық серіктеске айналған қос мемлекеттің басшыларының кездесуінде қандай мән бар? Kazinform тілшісі талдап көрді.
Ынтымақтастықтың ықпалы артты
32 жыл бұрын, нақтырақ айтсақ, 1992 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.