Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген мүлік қай мемлекеттік органдарға беретіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша сотталған мердігер Евгений Евковичтен тәркіленген көліктер Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысы бойынша басқармасына тапсырылды. Екі көлік те мемлекеттік мекемелерге тегін берілді. Бұл туралы Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылды.