Шымкентте халықаралық стандарттаға сай ең үлкен стадионның іргетасын қалау іс-шарасы өтті. Оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен бірқатар футболшы қатысты.
Аталған спорт нысаны Бозарық – 2 шағынауданында бой көтереді. Биыл құрылысы басталатын арена аумағы – 21 гектар, 35 мың көрерменге арналған. Стадион құрылысын 2026 жылдың ортасына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Фото: Жансая Тәуекелқызы Фото: Жансая ТәуекелқызыАйта кетейік, бүгінгі таңда қалада бір ғана Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы «Орталық» стадион бар.