Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды 140 балл жинады.
Атап айтқанда, Қазақстан тарихынан — 20, Оқу сауаттылығы — 10, Математикалық сауаттылық — 10, екі бейіндік пәннен мүмкін болған 50 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген.
Жаннұр Абзалұлын бұл жетістігімен әлеуметтік желі қолданушылары құттықтап жатыр.
«Жарайсың! Құтты болсын!», «Балаларымызға осы баланың жолын берсін», «Жарайсың, Жаннұр!