Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының іске асырылу барысы мен шекара маңындағы ауылдық елді мекендерді дамыту шаралары қаралды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың хабарлауынша, өңірде «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты түрде жалғастыру үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясына бүгінге дейін 331 мыңнан астам жамбылдық қатысқан.