В Басманном обсудили благоустройство детской площадки «Сказки Пушкина»
Нанесение дорожной разметки цена в Питере
Экскурсия «Изварино. Краеведческой тропой» состоится 29 июня во Внуковском
В Подмосковье определены получатели соципотеки для молодых ученых и специалистов
Павлодардың бір бөлігі сусыз қалды: су беру қашан қалпына келеді?
Павлодарда бүгін, 21 маусымда күннің бірінші жартысында су сору жабдығы өшіп, су құбырындағы қысым төмендеді. Бұл туралы "Павлодар су арнасы" мекемесі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өшіруге электрмен жабдықтау желісіндегі кернеудің төмендеуі себеп болды", - делінген хабарламада.
Мамандар сорғы жабдықтарын ауыстыру және сумен жабдықтау параметрлерін қалпына келтірумен айналысады. Оқиға орнында облыс әкімі Асаин Байханов, сондай-ақ қала әкімдігі мен қаланың коммуналдық қызметтерінің басшылығы бар екені айтылды.