В Коломне продолжают проверки здоровья на свежем воздухе
Подмосковные леса проверят после прошедшего шторма
Хозяевам нелегальной постройки в Мытищах дали время на снос объекта
В Павловском Посаде капремонт в школе-интернате завершен на 50%
Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына облыстың биылғы қаңтар-мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндалды.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 5 триллион теңгеге жеткен облыс еліміз бойынша бесінші орында тұр. Қаңтар-мамыр айларындағы қысқа мерзімдік экономикалық көрсеткіш 107,9 пайызды құрады. Өнеркәсіптің жалпы көлемі жөнінен өңдеу өнеркәсібі (88,5 пайыз) жетекші орынға ие.