Қазақстан биыл 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Үкімет қаулысымен бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне өткені белгілі. Осылайша ел аумағы түгелдей бір уақытпен жүретін болған еді. Енді арада 3 айдан астам кезең өткенде уақыт белдеуін қайта бұрынғы қалпына келтіру жөнінде петиция жарияланып, қажетті 50 мың қолды жинады. Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. Тамыздың басында анық-қанығы шешілмек. Алайда бұған дейін уақыт белдеуін өзгертуге не себеп болды, қазіргі мен бұрынғысының айырмасы не...